2010 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі Ғ. Телебаев Корея Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің мәдени саясат жөніндегі үйлестірушісі Ким Джонг-ыльмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар мәдени индустрия саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндігін талқылап, сондай-ақ биылғы Қазақстанның Кореядағы және 2011 жылы Кореяның Қазақстандағы жылының шеңберінде мәдени әрекеттестікті нығайтуға уағдаласты.
|