2010 жылғы 7 шілде күні ҚР Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммед Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М. Акмырадовпен кездесті.
Кездесу барысында мәдениет саласындағы екі жақты қарым-қатынастың мәртебесі талқыланды. ҚР Мәдениет министрі екі елдің арасында сенім және өзара түсіністік қалыптасқанын айтты. Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел және орталық азиядағы стратегиялық серіктес екендігі айрықша аталды. Осыған байланысты Қазақстан екі жақты мәдени ынтымақтастықты дамытуда мүдделі екендігі айтылды.
Акмырадов мырза қазіргі лауазымына 2010 жылдың басында тағайындалды. Аталған кездесу алғашқы болып табылады және ең алдымен жұмыс байланысын орнатуға бағытталған.
Кездесу соңында екі жақ мәдени-гуманитарлық саладағы белсенді ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.
|