2010 жылдың 30 маусымында Астана күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, «Нұр Отан» ХДП-ның Есіл аудандық филиалымен бірлесе отырып, Астана қаласының Қарттар үйінде қайрымдылық концерт өткізді.
Аталған концерте «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрi қатысты. Концертік бағдарламада қазақ және орыс композиторларының шығармалары орындалды. Мысалы: Л. Хамедидің «Қазақ вальсі» әні, «Русские потешки» орыс халық әуені, Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, М.Әубәкіровтың «Талас» күйі, М.Хамзинің «Қосбасар» күйі және т.б.
Сонымен бірге, концертте «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрiнің көркемдік жетекшісі С. Тұрысбектің «Ақ жауын», «Тарбағатай», «Дарабоз» және т.б. шығармалары орындалды.
|