2010 жылғы 9 наурызда Мәдениет және ақпарат министрлгінде Қазақстан Республикасымен Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық тұжырымдаманы орындау жөніндегі 4-ші және 5-ші біріктірілген баяндаманы қорғау қорытындылары бойынша пресс-конференция болып өтті.
Делегацияның құрамында Тұжырымдаманың орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, сыртқы істер, мәдениет және ақпарат, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, министрліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен Жоғарғы соттың қызметкерлері Женева қ. болып қайтты.
Пресс – конференция барысында делегацияның басшысы – мәдениет және ақапарат вице – министрі Ғазиз Телебаев журналисттерді баяндаманы қорғау қорытындылары, сондай-ақ Тұжырымдама ережелерін орындау бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмыс туралы мәлімдеді.
26 ақпаннан 1 наурызға дейін Қазақстан БҰҰ Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою бойынша комитеттің мүшелеріне Қазақстанмен Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық тұжырымдаманы орындау жөніндегі төртінші және бесінші біріктірілген кезеңдік баяндаманы ұсынды.
Комитеттің сарапшыларымен Қазақстанның этникааралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты, Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыс тәжірибесі мен оның ең биік мемлекеттік деңгейде Қазақстанның барлық этникалық топтарының құқықтарын қамтамасыз етудегі ролі оңтайлы деп атап өтілді.
Комитет мүшелері тілдік, көші-қон саясатының мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанда нәсілдік кемсітудің алдын алуы саласында заң шығарушы және құқық қолдану тәжірибесі саласында қызығушылық танытты. Барлық қойылған сұрақтарға делегация мүшелері толық жауаптар қайтарды.
Жалпы, БҰҰ Комитеті Қазақстан Республикасы этникааралық және конфессияаралық келісуді нығайту, елде тұратын барлық азаматтардың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға жоғары баға берді.
Анықтама үшін:
15 ақпаннан 12 наурызға дейін Женевада нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою жөніндегі БҰҰ Комитетінің кезекті отырысының жұмысы жүргізілуде. Күн тәртібінде – Аргентинаның, Камбоджияның, Камерунның, Гватемаланың, Исландияның, Жапонияның, Қазақстанның, Монаконың, Нидерландылардың, Панама мен Словакияның заң шығару, сот, әкімшілік және басқа да нәсілдік кемсітуді жоюға бағытталған іс-шаралары туралы баяндамаларын қарастыру.
Комитет Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуына бақылау жасау үшін құрылған, оның құрамында он сегіз сарапшылар қызмет етеді. Конвенция 1965 жылы Бас Ассамблеямен қабылданған және 1969 жылы күшіне енді. Оның қатысушылары Комитет алдында осы халықаралық құқықтық құжат талаптарын орындау туралы кезең сайынғы есеп беретін 173 мемлекет.
Тұжырымдама барлық адамдар заң алдында тең екендігін және кемсітуден қорғалуға тең құқықтарының бар екендігін жариялайды. Құжат мемлекеттерді нәсілдік кемсітуді жоюға қажетті барлық қажетті іс-шараларды қолдануға, нәсілдер арасында өзара түсіністіктің дамуына ықпал етуге және сегрегация мен кемсітудің барлық нысандарынан бос қоғамдастықты құруға шақырады.
|