Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2010 жылдың 6 наурызы сағат 18.30 К.Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет театрында 8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылары қатысады деп күтілуде. Концертті «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ ұйымдастырады.
Концерт бағдарламасының шеңберінде жоғары деңгейлі шығармашылық ұжымдарының, би ансамблдерінің, вокалды топтардың және басқа да белгілі вокалистер мен орындаушылардың өнер көрсетуі топшылануда.
Кеш қонақтарының қатарында астаналық іскер және жетістікті әйелдер, кәсіпорындар мен мекеме жетекшілері, сондай-ақ, белсенді және қоғамшыл аруларымыз бар.
Кіру арнайы шақыру бойынша.
|