Бүгін республикалық мәдениет мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ басшыларының қатысуымен «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын мәдени – ақпараттық саланың іске асыруы жөніндегі мәселелерге арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алқа отырысы өтті.
Отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі алдағы кезеңде ақпарат, мәдениет, тіл салаларындағы жұмыстың басымды бағыттарына ерекше мән берді.
Алқа отырысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру, 2020 жылға дейінгі тілдерді дамыту бағдарламасын әзірлеу және т.б мәселелерге ерекше назар аударылды.
|