Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін рәсімдеуді реттеу мәселелері» тақырыбында республикалық «дөңгелек үстел» өткізеді.
Отырыстың мақсаты – қазақ азаматтарының аты-жөндерін ретке келтіру және жазу кезінде негізгі антропонимиялық қағидаттарын сақтау, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тиісті ақпарат тарату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
«Дөңгелек үстелге» ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттаттары, Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және ғалымдар мен зерттеуші-мамандар, Астана қаласы Әділет департаменті АХАЖ бөлімдерінің, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен орталық атқарушы органдардағы тіл дамыту құрылымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 23
«Абай» қонақ үйінің мәжіліс залы, 2 қабат
Басталуы: 2010 жылғы 3 наурыз - сағат 15.00-де
|