|
От: Әлмұханбет Оралбек
Электронный адрес: almuhanbet@mail.ru
Кому: mininfo@mininfo.katelco.kz
Отправлено: 30 июня 2008 года
Сұрақ: Сәлеметсіздерме? Мен Министрлікпен осындай іс-шара өткізіліп отырғанына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Себебі, қазіргі таңда еліміздің тілі мен мәдениетін көркейту үшін жоспарланып отырған көптеген мәселелердің бар екендігін күнделікті баспасөз беттері мен теледидардан көріп жүрміз, дегенмен менде ұлтымның тілі мен мәдениетін көтеру ісіндегі жанашыр адам ретінде сұрайын дегенім, бүгінгі күні мемлекеттік тілді ақпараттық қолдау қалай жүзеге асуда? Осы мақсатта министрлікпен қандай іс-шаралар атқарылуда? (Әлмұханбет, Орал қаласынан)
Жауап: Алмұханбет Оралбек қойып отырған сұрағыңыз өзекті.
Қазіргі таңда «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытудың ақпараттық жүйесін құру» бағдарламасы аясында сан алуан тілдік қызмет көрсету мақсатында жыл басынан бері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» веб-порталы жұмыс істейді. Бұл порталға электрондық үлкен қазақша-орысша-ағылшынша онлайндық сөздік, көпсалалы терминдік сөздік, фразеологиялық және орфографиялық сөздік, «Қазақстан» мультимедиялық энциклопедиясы, электрондық-терминологиялық орталық, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу жүйесі, техникалық сала мамандарын қазақ тіліне оқытудың қашықтық мультимедиялық кешені, Қазақстан Республикасы аумағындағы тілдік жағдаяттың мониторингі мен сараптамасының автоматтандырылған жүйесі енгізілген.
http://til.gov.kz
|
|
От: Андарбаева Алма Азидоллақызы
Электронный адрес: alibek-adai
Кому: mininfo@mininfo.katelco.kz
Отправлено: 30 июня 2008 года
Тема: Культура и искусство
Сұрақ: Құрметті Мұхтар Абрарұлы. Атырау облысындағы Халық Шығармашылығы Орталығы секілді мәдениет мекемелері қазіргі күні қызметкерлеріне еңбекақы мен мәдениет мекемелерінің қажеттілігін өтейтін қаражаттан өзге ақшаны көре алмай отыр. Нақтысында оларға мәдени шараларды өткізуге қаражат бөлнбей отыр. Ол қаражаттар негізінен мәдениет басқарамасы басшылығы тарапынан \"ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ\"есеп шотына құйылуда.Яғни, осындай іс-әрекеттер арқылы ҚР мәдениет заңындағы бірнеше баптар өрескел бұзылып отыр. Мәселен,мәдениет заңындағы қаралған 3-баптың 2-тармағндағы халық шығармашылығы орталығы атқаратын қызметі осындай заңсыздықтар кесірінен өздері атқарған қызметіне сай қаражат алаалмай отыр.Нақтысында облыстық мәдениет басқармасының басшылығы \"ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІКТЕР\"арқылы мәдени шаралар өткізіп бақармаға бөлінген қаражатты осылайша жұсап отыр. Алайда,ол \"ЖЕКЕЛЕНГЕН СЕРІКТЕСТІКТЕР\" облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері мен музыкалық аппаратураларын пайдалануда. Осы орайда халық шағармашылығы орталығының қызметкерлерінің қолынан келетін қызметті өзге мекемелер арқылы өткізудің не себептен қажеттілігін түсінбеушілік туындауда.Сол себепті сізге облыстық мәдениет басқармасының осы жүйемен жұмыс істеуін негізгі деп тануға болама? - деген сауал қойғанды жөн көрдік. 2. Қазіргі күні Атырау облысының аудандары мен елді мекендердегі ауыл клубтарының жағдайы ойдағыдай емес.2006 жылдан бастап клубтарды қаржыландыру жергілікті әкімдікке берілгелі аудан мен олрдың елді мекендердегі клубтардың жағдайы тым нашарлап кетті.Қазіргі күні облыстық мәдени басқармасы мен облыстық халық шығармашылық орталығы аудандағы клубтарға тек методикалық тұрғыдан көмек бере алады. Ал,олардың мәдени шаралар ұйымдастыруына ешқандай құзыры жүрмейді. Сол себепті,ҚР Мәдениет және Ақпарат министрі аудандардағы мәдениет ошақтарының қайта жаңғыртылып, халыққа рухани азық беруіне жол ашатын мәдени шаралардың ұйымдастырудың тиімді жүйесін қарастыруға негіз болатын заң жобасын қарастырса екен деген тілегіміз бар.Сайып келгенде бұл ұлтымыздың барлық асыл қасиетін жиған ауылдардағы мәдениеттің өркедеуіне жол ашары сөзсіз. Өзіңізге деген Құрметпен:Алма Әзидоллақызы Андарбаева-Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры. Атырау қаласы.
Жауап: Құрметті Алма Азидоллақызы!
Сіздің сұрағыңыздың маңыздылығына байланысты, және аталған сұрақ қосымша зерделеуді талап ететіндіктен Сізге ресми жауап белгіленген тәртіп бойынша жіберілетін болады.
|
|
От: Ринат Абуов
Электронный адрес: rinatabu@mail.ru
Кому: mininfo@mininfo.katelco.kz
Отправлено: 30 июня 2008 года
Сұрақ: Ministr myrza! men elimizde kenjelep qalgan qazaq teatryna alandaulymyn. teatrlardyn repertuarlary eski. jana qazaqi teatr ulgisin quratyn uaqyt jetken siaqty.balalar kinosy jane anime salasy da dal solai.osy bagyttarda qandai shara qoldanyp jatyrsyz? Rakhmet
Жауап:Құрметті Ринат!
Сұрағыңызға рахмет.
Қазақстан Республикасының кинематографиялық жүйесін республикалық деңгейде мемлекеттің толық қатысуымен «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы» Акционерлік қоғамы жүргізіп отырғаны белгілі.
2006-2007 жылдары мемлекет барлық жанрларға арналған 47 фильм өндірісіне қолдау білдірді.
Мемлекеттің есебінен өндіруге қолдау тапқан фильмдердің тақырыптық бағыты әр түрлі. Бірқатар фильмдер тарихи бағытқа арналған. Бұл «Мұстафа Шоқай», «Махамбеттің қылышы», «Кек» фильмдері. «Періште», «Ұлжан», «Ауылым» фильмдері қазіргі заман тақырыбына арналған.
Балалар аудиториясына анимациялық тақырыптағы фильмдер қарастырылған, атап айтқанда, эпикалық батыр – Алпамыстың, ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің бейнелері сомдалған фильмдерді атауға болады.
Сонымен қатар, театр, кино, анимациялық бағыттағы репертуарлардың жаңарту барысында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл сұрақ Министрліктің назарындағы мәселелердің бірі.
|
|
От: Бекмұрат Тобыш
Электронный адрес: bekmurattobu@mail.ru
Кому: mininfo@mininfo.katelco.kz
Отправлено: 30 июня 2008 года
Сұрақ: Кұрметті Мұхтар Абрарұлы! Мәдениет және тілдерді дамыту саласында қандай жоспарларыңыз бар?
Жауап: Өткен жылы еліміздегі бірыңғай ақпараттық кітапханалық жүйені дамыту жобаларын енгізу бойынша бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілген болатын. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраларды қолдану мен қорғау, тіл саясаты саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша заңнамалық актілер қабылданды.
Тиісті нормативтік актілер әзірлеу мен қабылдауда министрлік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тек тарихи-мәдени мұра туралы және мәдениет туралы заңдарды іске асыруға арналған 32 акті дайындалып, олардың 26-сы қабылданды, қалғаны регламенттік процедураны өтуде.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленуде. Онда мәдениет саласында туындап отырған өзекті мәселелер, оның ішінде кино мәселесі шешімін табатын болады.
Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында «2007-2009 жылдарға арналған салалық «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынды. «Мәдени мұра» бағдарламасын алдағы уақытта іске асыру:
- 32 көне қалашық, қоныстар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізуге;
- арасында Қарағұл, Бытығай, Ақкесене, Қарақожа, Жүсіп ата кесенелері, Қалжан Ахун мешіт-медресесі сияқты нысандар бар аса маңызды 36 тарихи және мәдени, сәулет ескерткішін қалпына келтіруге;
- қазақ халқының және Орталық Азия көшпенді халықтарының тарихы, материалдық және рухани мәдениетіне қатысты 27 қолданбалы ғылыми зерттеу жобаларын жүзеге асыруға;
- ғылымның әр түрлі салалары бойынша 41 іргелі ғылыми басылым әзірлеп шығаруға;
- 83 атаулы кітаптар шығаруға, әдеби, ғылыми және жазба мұралардың ең үздік үлгілерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялауға;
- шетелдерде еліміздің мұражай қорларынан алынған бағалы жәдігерлер көрмелерін (мысалы, Санкт-Петербургте, Англиядағы «Соммерсет-хаус» мұражайында қолданбалы өнер көрмелері, Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Шәкәрімнің 150-жылдық мерейтойына арналған көрме) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Үкімет қаулысымен «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.
Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру мақсатында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Аталған құжат «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды анықтайды.
Сонымен қатар, Мәдениет саласын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жұмысы жүріп жатыр. Бағдарламада мәдениет саласын жүйелі түрде дамыту концепциясы қарастырылуда.
Былтыр біз алғаш рет «Қоғамдық маңызы бар көркем шығармаларды жасауға драматургтер мен композиторлар арасында республикалық конкурс өткізіп, мемлекет тарапынан осы мақсатқа 50 млн. теңге қаржы жұмсадық. Нәтижесінде дүниеге 30 музыкалық және 16 драмалық шығарма келді. Биыл осы мәселеге қатысты бюджеттен 30,0 млн. теңге қаржы бөлініп, конкурс жарияланды. Оның нәтижесі жыл аяғында қорытындыланады.
Аймақтардағы өнер және мәдениет мекемелеріндегі жұмыстардың жағымды тенденциясын атап өтуге болады. Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық аймақтарда 2006-2008 және 2007-2009 жылдарға арналған мәдениетті дамытудың салалық бағдарламалары қабылданды. Бағдарламаның іс-шаралары аясында маңызды мәдени-көпшілік шаралар өткізіледі.
Мәдениет саласын одан әрі дамыту, өнердің әртүрлі салаларына іздестіру, әдістемелік және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында «Қазақстан халқының рухани даму қоры» құрылатынын жеткіземін.
2007 жылы Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оны іске асыруға байланысты Іс-шаралар жоспары әзірленіп, алдағы уақытта ауқымды шаруаларды жүзеге асыру көзделуде.
Мемлекеттік органдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшіру кестесі нақтыланды. Қазіргі уақытта республиканың 10 аймағында, 2 республикалық маңызы бар қалада, 22 орталық мемлекеттік органдарда іс қағаздары мемлекеттік тілге көшірілген.
Өлшемі жоқты басқаруға болмайтындығы белгілі. Сондықтан біз тіл білімі жөнінде нақты талап қоюға мүмкіндік беретін қазақ TOEFL-ын дайындауды бастадық.
Өткен жылы тілдерді оқыту инфрақұрылымын жаңғырту және нығайту жөнінде жұмыстар жалғастырылды. Бүгінде тіл оқыту орталықтарының саны 26-ға жетті. Елімізде 1 республикалық, 15 облыстық және 10-нан аса аудандық тіл орталықтары жұмыс істейді.
Мемлекеттік тілді насихаттау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. Теле-радиоарналарда арнайы қазақ тілінің теле-радиосабақтары ұйымдастырылған, семинар, «дөңгелек үстелдер», кітап көрмелері өткізілуде. 2007 жылы «Орысша-қазақша сөздік», «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі», «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің салыстырмалы сөздігі» және басқалары шығарылды. Қазір осы шығарылған өнімдер оқу орындарының кітапханаларына, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдарға таратылуда. Осы игілікті істер тілдерді дамыту барысында өз жалғасын одан әрі табатын болады.
|
|
От: Наташа Савельева
Электронный адрес: natalia_savel@bk.ru
Кому: mininfo@mininfo.katelco.kz
Отправлено: 29 июня 2008 года
Сұрақ: Мен аты-жөнім Наташа. Менің ұлтым орыс болғанымен, туылған жерім Қазақстан жері, сондықтан қазақ тілін өз ана тілім деп құрметтеймін. Өзім келесі жылы 11 сыныпты қазақ мектебінде аяқтамақпын. Алайда, мені мазалап жүрген бір сұрақ, министрліктің Тілдер комитетімен тек қана қазақ тілін ғана емес, өзге ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Осы жайында мағлұмат берсеңіздер екен, рахмет.
Жауап: Сұрағыңыз өте орынды.
Министрлік құрамындағы Тіл комитеті тек қазақ тілі бойынша жұмыстармен шектелмейді. Өзіңіз білесіз, Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығына» байланысты берген тапсырамына да аса мән беріп отыр. Елбасымыз: «Қазақ халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде қабылдануы тиіс. Бұл: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – ғаламдық экономикаға табысты кірігу тілі- деген болатын.
Президентпен айтылған стартегиялық мақсаттың мәні - мәртебесін нығайтуға, тілдік ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді дамытуға басымдық жағдай жасауда. Бұл жөнінде Президентіміздің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында да айтылды – «Азаматтардың әл-ауқатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
Сондай-ақ, ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде ана тілдерін үйретуге жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Қажеттілікке орай бөлініп отырған қаржы көлемі жылдан жылға артып отыр. Мұндай жайт ҰМО-ның жексенбілік мектептерінде тұрақты түрде тыңдаушылар топтарын қалыптастыруға, маман-ұстаздарды тартуға, әдістемелік әдебиет, сөздіктер және т.б. әзірлеп, шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда республикамызда 7 мың бала мен ересектерге ана тілдерін үйрететін 196 жексенбілік мектеп бар. Өскемен, Петропавл және Павлодар қалаларында 1200 оқушыны қамтитын ұлттық жаңғырту мектептері жұмыс істейді. Оларда 30-дан астам ана тіл үйретіледі. Жыл сайын мамыр айында Славян жазбалары күндерін өткізу дәстүрге айналған.
Сонымен бірге, жыл сайынғы дәстүрлі тіл фестивалі аясында өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ» тақырыбында Абай оқулары өткізіліп отырады.
|